Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Алматыда 15 см-ге дейін қар жауды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тиісті мекемелер қала тұрғындарын көктайғақтан абай болуды  ескертеді.

10 ақпан сағат 06.30-дағы жағдай бойынша қалада 10-15 см, ал таулы аймақтарда қардың қалыңдығы 20 см-ға дейін жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 15 см-ге дейін қар жауды

9 ақпан күні сағат 20.00-де қар жауа бастады. Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, көшелерге, жолайлықтарының кіреберістеріне көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Түнгі мезгілде патруль машиналарының еріп жүруімен қар тазалайтын колонналар ұйымдастырылды.

Қалада қар тазалау жұмыстарына 557 техника бірлігі, оның ішінде 221 құмлақтырғыш, 676 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 3340 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды.

Қарды сыртқа шығару жұмыстары басталды, 830 текше метр қар шығарылды. Таңғы қарбалас шақтан соң қар сыртқа жаппай шығарылады.

Аудандық әкімдіктерде тәулік бойына кезекшіліктер ұйымдастырылды. 10 ақпан күнгі таңнан бастап қар тазалаумен 552 техника бірлігі, 1890 жол жұмысшысы айналысуда.

Тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймағын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жаяу жүргіншілер көпірін, саябақтар мен скверлерді тазарту жұмыстары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025