Фото: Видеодан алынған кадр
2026 жылғы фототұзақ деректеріне сәйкес, қысқы ұйқыдан оянған аюдың камера алдына алғаш тіркелген уақыты – 13 наурыз.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, қорық аумағында қоңыр аюлар ірі шатқалдардың барлығында дерлік кездеседі. Олар теңіз деңгейінен 1200-3500 метр биіктікте, аралас жапырақты ормандарда, қылқан жапырақты шыршалы ормандарда, субальпілік және альпілік белдеулерде тіршілік етеді.
«Көктемде тауда қардың қалың жатуына байланысты аюлар таудың теріскей беткейіне қарағанда, күнгей беткейлерде жиірек жүреді. Себебі бұл аймақтарда қар ертерек еріп, қорек табу мүмкіндігі мол болады», делінген хабарламада.