Әкім жуырда Әл-Фараби даңғылында болған қайғылы жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, жолдағы тәртіп пен бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Полиция басшылары қызметінен босатылды
Осыған байланысты полицияға барлық құқық бұзушылықтарға, соның ішінде көлікті дұрыс тұраққа қоймау фактілеріне де қатаң шара қолдану тапсырылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігін арттыру үшін цифрлық технологияларды енгізу және жол инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жалғасын табады.
Алматыда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Биыл қалада 360 көше мен 17 негізгі магистральда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта жол жабындарындағы ақауларды жою, люктер мен жаңбыр суын қабылдайтын жүйелердің шөгуін қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр. Мердігер компанияларға жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау міндеті жүктелді.