Фото: Ашық дереккөз
Жаңа теміржол бағытының ұзақтығы 472 шақырымды құрайды.
Пойыз Қарағанды станциясынан сағат 06:00-де аттанып, Балқашқа 12:48-де жетеді. Ал Балқаш станциясынан 13:45-те шығып, Қарағандыға 20:53-те келеді. Қатынас күнара, тақ күндері жүзеге асырылады.
Пойыз жол бойында 19 станцияға тоқтайды.Бағыт бойында пойыз Қарағанөзек, Қарабас, Құлайғыр, Қарамұрын, Дария, Жарық, Нілді, Айса, Ақадыр, Босаға, Мойынты, Бүйрек және Сарықұм станциялары арқылы өтеді.
Пойыз құрамы 6 вагоннан жасақталған. Оның ішінде 2 купе және 4 плацкарт вагоны бар. Жалпы сыйымдылығы шамамен 300 орынға есептелген.
Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ компанияның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасында қолжетімді.
Еске сала кетейік, бұған дейін жазғы маусымда Алакөлге қосымша пойыздар қатынайтынын жазған едік.