Оқиға • Бүгін, 11:58

Астанада күн сайын шамамен 1500 құқықбұзушылық тіркеледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада күн сайын шамамен 1500 құқықбұзушылық тіркеледі. Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада күн сайын шамамен 1500 құқықбұзушылық тіркеледі

Фото: Ашық дереккөз

Жиында Сенат депутаты Ләззат Рысбекова Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтан елордадағы жол қозғалысы қауіпсіздігі қалай реттеліп жатқандығын сұрады.

«Өткен жылы «Қазақстан Республикасының астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру мақсатында Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы құрылды. Оның негізгі функциялары – паркингтер мен тұрақтарды пайдалану мониторингі, бағдаршамдарды басқару, көлік ағындарын реттеу және көлік инфрақұрылымы объектілерін бақылау. Бұл шаралар Астана қаласындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейіне қалай әсер етті және орталық бір жыл ішінде қандай оң нәтижелерге қол жеткізді?», деді сенатор.

Ақтауда полиция көлігі бір жарым жасар баланы қағып кетті

Ерсін Өтебаевтың айтуынша, орталық жол қауіпсіздігін арттыру, көше-жол желісінің өткізу қабілетін жақсарту және экологиялық жүктемені азайту мақсатында құрылған.

«Қазіргі уақытта компания 12 мониторингтік кешенмен жабдықталған және қаладағы көлік қозғалысын тұрақты бақылауда ұстайды. Пилоттық режимде тәулігіне шамамен 1500 құқықбұзушылық тіркеледі», деді Е.Өтебаев.

Айта кетейік, соңғы аптада елімізде жол-көлік оқиғасы айтарлықтай көбейген. Күні кеше Алматы облысындағы көлік тізгіндеген жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кеткенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар