Инфрақұрылым • Бүгін, 15:57

Кіші Талдыкөлдегі экопарк құрылысы биыл басталады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Кіші Талдыкөл аумағында экопарк салу жобасы биыл басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кіші Талдыкөлдегі экопарк құрылысы биыл басталады

Фото: Ашық дереккөз

Оның айтуынша, жобаға қатысты жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мердігер компания анықталған. Сонымен қатар құрылысқа қажетті қаржы да қарастырылған.

«Жобаның құны – 4,5 млрд теңге. Әңгіме Кіші Талдыкөлдегі №5 учаске туралы болып отыр. Биыл құрылыс басталады деп ойлаймын, ал келесі жылы аяқталады», деді Ерсін Өтебаев.

Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады 

Еске салайық, бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Кіші Талдыкөл аумағындағы экопарк құрылысы 2025 жылға ауыстырылғанын мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек жуырда елордада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтеретіндігін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар