Қоғам • Бүгін, 16:16

Украинадағы алаяқтық: Қазақстан азаматтарын алдап келген 53 шетел азаматы ұсталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас жасайды. Тікелей байланыстар мен ақпарат алмасу арналары қалыптастырылған. Биыл 31 наурызда ІІМ Украинаның полициясымен бірлесіп, кең көлемді арнайы операция жүргізді. Бұл операция барысында ел тұрғындарын алдап келген Днепр қаласында орналасқан 3 алаяқтық call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Арнайы операция нәтижесінде 53 шетел азаматы ұсталды, оның ішінде 8-і қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украинадағы алаяқтық: Қазақстан азаматтарын алдап келген 53 шетел азаматы ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

«Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 160-тан аса қазақстандық жәбірленуші анықталды, оларға келтірілген шығын Украина сот шешімімен қайтарылады. Алдағы уақытта бірқатар шет мемлекеттермен осындай бірлескен арнайы операциялар өткізу жоспарланып отыр», деді IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

122

Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатында компьютерлік қылмыстар туралы Будапешт және Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі БҰҰ Конвенцияларын ратификациялау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Соңғы жаңалықтар