Қоғам • Кеше

LRT-ның нақты қай күні іске қосылатыны белгілі болды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада LRT 17 мамыр күні іске қосылатын болды. Нақты күнді қалалық әкімдік жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

LRT-ның нақты қай күні іске қосылатыны белгілі болды

Фото: Ашық дереккөз

Жолақы қолма-қол және картамен де 200 теңге болады. 7 мен 18 жас аралығындағы оқушыларға және Астанада тіркеліп, тұратын жеңілдік санатындағы азаматтарға тегін жол жүру сақталады.

LRT қаланың негізгі нүктелері арқылы өтеді: Әуежай, Қабанбай батыр даңғылы, «Астана жұлдызы» стелласы, MEGA Silk Way, Ботаникалық бақ, Abu Dhabi Plaza, Министрліктер үйі, Арыс көпірі, Қалдаяқов көшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және Нұрлы жол вокзалы.

LRT жолақысы қымбаттай ма: Әкімдік жауап берді

Пойыздар күн сайын таңғы 06:00-ден кешкі 23:00-ге дейін қатынайды. Желідегі қозғалысқа 15 пойыз шығарылады, тағы төрт құрам резервте болады. Қозғалыс жылдамдығы сағатына 60 шақырымға дейін жетеді. Бір пойыз 600-ден аса жолаушыны тасымалдайды.

Автобуспен 1,5 сағат: LRT арқылы әуежайдан вокзалға дейін қанша уақытта жетуге болады?

 

Соңғы жаңалықтар