Қоғам • Кеше

LRT жолақысы қымбаттай ма: Әкімдік жауап берді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

LRT-ның жолақысы 200 теңге болып бекітілді, бағаны көтеру әзірге жоспарда жоқ. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

LRT жолақысы қымбаттай ма: Әкімдік жауап берді

Фото: Ашық дереккөз

Оның айтуынша, әзірге тариф өзгеріссіз қалады. Жобаға субсидия бөлу мәселесі кейінірек қаралады, өйткені мамандарға бағытты толық сынақтан өткізу үшін уақыт қажет.

«Жолақы құны әзірге бекітілген деңгейде қалады. Қоғамдық көлік бағыттарының желісі әрдайым өзін-өзі ақтай бермейді, оның әлеуметтік маңызы бар. Сондықтан қазіргі таңда жоба табыстылығы туралы айту әлі ерте», деді Е. Өтебаев Үкімет кулуарында.

Жолақы құнын желі бағытын Қосшыға дейін ұзартқаннан кейін де көтеру жоспарланып отырған жоқ. Бұл бағытты алдағы үш жыл ішінде іске қосуы мүмкін.

Сонымен қатар әкім орынбасары автобус тасымалы тарифтері туралы да пікір білдірді. Қазіргі қолданыстағы бағыттар бойынша жолақыны әзірге көтеру жоспарланбаған, дегенмен болашақта өзгерістер болуы мүмкін. Қала маңындағы бағыттардың тарифі қалалық бағыттарға қарағанда жоғары, бірақ олар бұрыннан бекітілген. Ал субсидия көлемі тек белгілі бір факторларды ескере отырып өзгертіледі.

Бұған дейін Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалғаны туралы жазған болатынбыз. 

 
Соңғы жаңалықтар