Оқиға • Бүгін, 11:30

«900 мың теңге отбасыма жетпейді»: Депутат Бақытжан Базарбек ай сайынғы жалақы аздық ететінін айтты

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ай сайын алатын 900 мың теңге көлеміндегі жалақысы отбасылық шығынды толық өтеуге жетпейтінін айтты. Оның сөзінше, әсіресе бірнеше баласы бар отбасылар үшін күнкөріс қиындап барады, деп жазады Egemen.kz.

«900 мың теңге отбасыма жетпейді»: Депутат Бақытжан Базарбек ай сайынғы жалақы аздық ететінін айтты

Фото: t.me/mazhilis_kz

Үкімет кулуарында журналистердің сауалына жауап берген депутат кейбір әріптестерінің бес-алты баласы бар екенін айтып, қазіргі шығын көлеміне тоқталды.

«Баланы балабақшаға немесе түрлі үйірмелерге беру, киім-кешегі мен өзге де қажетіне шамамен 300 мың теңге кетеді. Азық-түлік бағасы да қымбаттап жатыр. Сондықтан 1 млн теңге де жетпеуі мүмкін. Өзім 900 мың теңгеден аса жалақы аламын, ол маған жеке өзіме жеткілікті емес. Сол себепті жұбайымның да жұмыс істегенін қаладым», деді Бақытжан Базарбек.

Сондай-ақ депутат жалақыны өсіруге қойылған мораторийді алып тастау және төлемдерді қайта қарау мәселесіне де пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай шешімді өзі қабылдамайды. Дегенмен қазіргі экономикалық жағдайда депутаттардың жалақысын көтеру орынды қадам емес екенін жеткізді.

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін

Мәжілісменнің пікірінше, алдағы бес жылда бұл мәселе күн тәртібіне шығарыла қоймайды.

«Болашақ» бағдарламасы: Депутат бюджет қаржысын негізсіз жұмсағандардың есімдерін жариялауды талап етті

Соңғы жаңалықтар