Медицина • 12 Ақпан, 2021

Былтыр медициналық авиация желісі бойынша 2185 ұшу орындалды

226 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы (ҰШМҮО) медициналық мекемелердің шалғай орналасуы жағдайында халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету, сондай-ақ пациенттерді шалғай аудандардан республикалық және облыстық клиникаларға жылдам тасымалдау үшін құрылған.

Былтыр медициналық авиация желісі бойынша 2185 ұшу орындалды

2020 жылы ҰШМҮО мамандары 2185 ұшуды орындады, 3833 пациентке, оның ішінде: патологиясы бар балаларға 982 (26%), жарақаттары, жазатайым оқиғалары және уланулары бар пациенттерге 584 (15%), акушерлік практикадағы шұғыл жағдайлар бойынша пациенттерге 571 (15%), қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттерге 493 (13%), жаңа туған пациенттерге 392 (10%), басқа аурулары бар пациенттерге 811 (21%) медициналық көмек көрсетті.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 4637 медициналық қызмет орындалды, оның ішінде: медициналық ұйымдарға 2450 (53%) пациент тасымалданды, 266 (6%) консультация, 165 (3%) операция жүргізілді, 1756 (38%) қашықтықтан медициналық қызмет (ҚМҚ) ұйымдастырылды. Донорлық ағзаларды алу және тасымалдау үшін мамандардың 2 ұшуы орындалды.

Республика шегіндегі медициналық авиация рейстерінен басқа, шетелде ауыр халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды халықаралық тасымалдау жүзеге асырылады. 2020 жылы медициналық авиация шетелдік клиникалардан отандық медициналық ұйымдарда емдеуді жалғастыру үшін Қазақстан Республикасының 13 азаматын тасымалдады.

Мәселен, 2020 жылғы 25 желтоқсанда Ресей Федерациясы Омбы қаласының Облыстық балалар клиникалық ауруханасының қарқынды терапия бөлімшесінде ауыр халде жатқан 2020 жылы туған кішкентай пациентті Нұр-Сұлтан қаласына тасымалдау үшін медициналық авиация желісі бойынша ұшу жүзеге асырылды. Балаға оның қысқа мерзімді өмірінде бірнеше операция жасалды және ол Омбы қаласының медициналық мекемесінде болған кезде асқынулар пайда болып, жай-күйі нашарлады. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінгеннен кейін Ұлттық шұғыл медицинаның үйлестіру орталығымен бірлесіп ұшу ұйымдастырылды және пациентті одан әрі емдеу және оңалту үшін Нұр-Сұлтан қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына сәтті тасымалдады.

Қазақстан Республикасының медицина қызметкерлерінің шұғыл көмек көрсетудің халықаралық стандарттары саласындағы біліктілігін арттыруға ҰШМҮО оқыту-тренингтік орталығы үлкен үлес қосуда. Сертификатталған нұсқаушылар «BLS, ACLS, РНТLS, РLS» бағдарламасы бойынша – 898 тыңдаушыға, «Қауіпсіз жүргізу. Қиын жағдайларда қауіпсіз жүргізу» бағдарламасы бойынша 443 тыңдаушыға оқыту жүргізді.

Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде акушерліктегі шұғыл жағдайлар бойынша – 63, ADS (жедел медициналық жәрдемдегі диспетчерлік қызмет) – 5, алғашқы көмек (First aid) – 1, кешенді семинар-тренинг (BLS, ACLS, PHTLS, PALS) – 222, ұшу физиологиясы және пациенттерді тасымалдау – 84 шеберлік кластары өткізілді.

Сондай-ақ, ҰШМҮО құрылымында Ахуал орталығы тәулік бойы белсенді жұмыс жүргізеді, оның мамандары құрамына білікті бейінді мамандар (реаниматологтар, акушер-гинекологтар, инфекционистер, пульмонологтар, кардиологтар, нефрологтар және т. б.) кірген сараптамалық топпен бірлесіп, медициналық авиация желісі бойынша медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін тұрақты негізде анестезиология реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқан ауыр халдегі пациенттер мен пневмонияның ауыр түрімен ауыратын пациенттерге тәулік бойы мониторинг және талдау жүргізеді. Құрылған сәттен бастап және 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ахуал орталығы ауыр халдегі пациенттерге 33 040 қашықтан медициналық қызмет көрсетті.

Сонымен қатар, ҰШМҮО базасында Ахуал орталығы жанынан Қазақстан Республикасындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды мониторингілеу және талдау жөніндегі жедел штаб құрылды, оның жұмысы тәулік бойы жүргізіледі.

ҰШМҮО 2020 жылы Денсаулық сақтау жүйесіндегі ұлттық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес аккредиттеу рәсімінен өткенін айта кету керек. ҰШМҮО сыртқы кешенді бағалау нәтижелері бойынша І біліктілік санаты расталды.  

Сондай-ақ білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) берген оқыту-тренингтік орталығының институционалдық аккредиттеу туралы куәлігі алынды. Өткен аккредиттеу рәсімдері ҰШМҮО-ның белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін растайды, пациенттердің жоғары сапа мен қауіпсіздік қызметтерін алу құқығын іске асырады, сондай-ақ халықтың жоғары сенімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025