Қысқы спорт • 15 Ақпан, 2021

Үздік ондықтың қатарында

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіру спор­тынан әлем чемпионатында қазақ­стандық спортшы Екатерина Айдова үздік ондыққа енді.

Үздік ондықтың қатарында

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, кезекті жарыс күнінде әйелдер арасында 1000 метр қашықтық бойынша спортшылар өзара мықтыны анықтады. Аталған бәсекеде Қазақстан құрамасының спортшысы Екатерина Айдова оныншы орынға тұрақтады. Бас жүлдені АҚШ спортшысы Боу Бриттани иеленсе, Нидерланд өкілі Лирдем Жутта күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола жүлде ресейлік спортшы Элизавета Голубеваға бұйырды.
Ерлер арасында 1000 метр қашықтық бо­йын­ша сынға түскен қазақстандық Артур Галиев – 19, Роман Креч – 22, Демьян Гаврилов 23-орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38