
Сонымен бірге институтта ардагер ұстаздарға құрмет көрсету, жалпы институтта ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға материалдық қолдау көрсету жұмыстары да тұрақты жүзеге асып келеді. Осы орайда игі істерге ұйытқы болып жүрген «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Оқу жұмысы және монитроингтік қызметі бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі Аида Отыншина «Алматы кәсіподақтар одағы» аймақтық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбек сіңірген қайраткер» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды.