
Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барып, жылқының ауыл тұрғындарының табынын бағатын 40 жастағы жылқышыға тиесілі екендігін анықтады. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар аталған Кодекстің 615-бабы бойынша материалдар жинақталып, сотқа жолданады. Осы бап бойынша тәртіп бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 3 тәулікке қамалу жазасы қолданылуы мүмкін. «Бұрын бұл жылқышы бес рет мал бағу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Өткен жылдың қыркүйегінде осы адамның жауапсыздығы салдарынан тағы бір апат орын алған», - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Еркін Махметов.