
The Mainichi басылымының мәліметі бойынша, аталған басқосуда Күншығыс елінің билігі дәл қазіргі жағдайда шетелдік жанкүйерлерді қабылдай алмайтынын жеткізген. Қазір де ресми билік Олимпия ойындарын тек жергілікті жанкүйерлердің ғана қатысуымен өткізу және трибунаға қанша көрермен кіргізу мәселесін талқылап жатыр. Дегенмен, бұл тек ұсыныс қана. Ал нақты шешім наурыз айының соңында шығарылады.