
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен дамуының қолайлы болашағы туралы мүдделі пікір алмасылды. Екі ел үкіметтерінің экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету және халықтың әл-ауқатын арттыру үшін іскерлік топтардың экспорттық-импорттық операцияларды кеңейтуге және жаңа, жоғары технологиялық жобаларға қаражат салуға деген ұмтылысын қолдауға дайын екендігі атап өтілді.