
Аталған турнир Қазақстан командасының мүшелері үшін Азия чемпионатына іріктеу жарысы болып саналады. Қазақстан чемпионатына Elite санатындағы U23, U19, U17, U15 спортшылар қатысады. Супер-спринт ITT дистанциясында 300 метр жүзу, 8 км қашықтықта велоэтап пен 2 км қашықтықта жүгіру бойынша өтеді.