
Биылғы жылы ақпан айында Алматыда Digital Almaty цифрлық форумы барысында алдағы бес жыл ішінде барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G желісімен қамтылатынын айтылған болатын. Осы орайда интернет сапасын жақсарту жобасының арқасында 218 интернетсіз аймақтың мәселесі шешілді. Баян Қоңырбаевтың айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ компаниясымен бірлесіп алдағы мерзімде Алматы қаласының Алғабас (Алатау ауданы), Әлмерек (Түрксіб ауданы), Нұршашқан (Түрксіб ауданы), Таусамалы (Наурызбай ауданы) шағын аудандары интернетпен қамтамасыз етілетін болады.