Аймақтар • 15 Мамыр, 2021

Семейде екі жеңіл көлік соқтығысып қалды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласындағы Абай көшесінде екі көлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды  Egemen.kz

Семейде екі жеңіл көлік соқтығысып қалды

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 14 мамырда сағат 16:35 шамасында болған. Абай көшесімен келе жатқан «ВАЗ-2110» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі алдындағы автокөлікке соғылмас үшін қарсы жолаққа шығып кетіп, «Lada хray» көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

«Жол апатының салдарынан «Lada хray» көлігінің жүргізушісіне дәрігерлердің көмегі қажет болды. Ер адамға амбулаториялық ем тағайындалған. Ал «ВАЗ-2110» автокөлігін тізгіндеген қала тұрғыны мидың шайқалуы диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен қаласында ұрланған көліктің апатқа ұшырағанын

Соңғы жаңалықтар

Қала қоқыс полигоны ма?

Экология • Кеше