Ауа райы • 03 Маусым, 2021

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада өңірдің кей аймақтарында 37 градусқа дейін ыстық болып, өрт қаупінің сақталатыны ескертіліп отыр.

«Қазгидромет» республикалық коммуналдық кәсіпорны 3 маусымда дауылды ескерту жариялады. Соның негізінде 4 маусым күні Алматы облысының кейбір аумақтарында найзағай жарқылдайды. Шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ күндіз кей аймақтарда 37 градусқа дейін аптап ыстық болады және жоғары өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында аздаған өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Жел батыстан соғады. Найзағай кезінде желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға алып, сақтық шараларын сақтауға шақырады», делінген ведомствоның хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше