Хоккей • 08 Маусым, 2021

Канада – әлем чемпионы

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Латвия астанасы – Ригада өткен шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Канада құрамасының бағы жанып, 27-ші мәрте жаһандық доданың бас жүлдесін жеңіп алды.

Канада –  әлем чемпионы

Үйеңкі жапырақтар елінің хоккейшілері финалда былтырғы әлем біріншілігінің жеңімпазы – Финляндия құрамасымен кездесті. Матчта Суоми елінің өкілдері екі рет есепте алға шыққанымен, канадалықтар екі ретінде де таразы басын теңестіріп, ойын овертмайға ұласты. Қосымша уақытта бағы жанған Канада хоккейшілері 3:2 нәтижесімен қарсыластарынан жеңісті жұлып алды. Бір қызығы, топтық кезеңдегі ойында Финляндия дәл осындай есеппен канадалықтарды қапы қалдырған еді.

Ал әлем чемпионатының қола жүлдесін АҚШ хоккейшілері жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде Америка құрамасы Германияны 6:1 есебімен ұтты. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Германия мен Финляндия хоккейшілерін жеңіп, АҚШ пен Канададан жеңілген болатын.

Әлем чемпионаты өз мәресіне жеткен соң Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) құрамалардың жыл сайынғы рейтингін жаңартты. Қазақстан командасы үш саты жоғарылап, 13-орынға тұрақтады. Ал әлем чемпионы атанған Канада рейтингтің көшін бастады.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25