Оқиға • 04 Шілде, 2021

Павлодар облысында бір күнде үш адам суға батып кетті

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық ТЖД тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауды  және тыйым салынған жерлерде шомылмауды сұрайды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында бір күнде үш адам суға батып кетті

Фото: Константин Шелков

- Бүгін, 4 шілде күні су айдындарында үш адам батып кетті. Екеуі мас күйінде суға түскен. Ақсу қаласында  1950 және 1983 жылдары туған ер адамдар,  Баянауыл ауданының Торайғыр көлінде 1997 жылы туған ер адам суға кетті, - дейді Павлодар облысы ТЖ департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қайрат Бертібаев.


Барлық жағдайлар шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелген. 

- Сіздерден судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауды, тыйым салынған жерлерде шомылмауды, балаларға қырағы болуды сұраймыз! Қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішуге қатаң тыйым салынатынын ескертеміз! – дейді Қайрат Бертібаев.
Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35