Аймақтар • 08 Шілде, 2021

Атырауда әскерде болған 120 сарбаз отбасына оралды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, әскери бөлімдерде мерзімді әскери қызметін өтеген 120 сарбаз отбасына аттанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда әскерде болған 120 сарбаз отбасына оралды

Сарбаздар бір жыл ішінде әскери мамандықтарды игеріп, жауынгерлік дайындықта жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Сондай-ақ, олар оқу-жаттығуларда жоғары жауынгерлік шеберлік көрсеткен.

«Біз бір жылда нағыз батылдық пен ерге тән мінездің сынағынан өттік. Өмірлік ұстанымымызды қайта қарастырдық. Командирлер әрқашан қасымыздан табылып, қолдау көрсетті. Ақыл-кеңесін берді» дейді ефрейтор Руслан Скобцов. Әскери қызметтік міндетін адал атқарып, үлгілі тәртібі, жауынгерлік дайындықтағы жоғары көрсеткіші үшін әскери қызметшілер дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бірқатар әскери қызметшілерге әскери шен берілді. «Жауынгерлік тумен қоштасқан сарбаздар «Мен қазақпын» әнін шырқап, алаңда саппен жүріп өтті. Олардың арасында Қарулы Күштер қатарында келісімшартпен әскери қызметті жалғастыруға ниет білдіргендер бар», деп хабарлады Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025