07 Қаңтар, 2014

Алматыда 16 жасар қызды өлтірген таксист ұсталды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

07 01-kАлматы қаласында таксист 16 жасар қызды өлтірді. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Өткен жылдың 28 желтоқсанында Айсұлу Жұмабек із-түзсіз жоғалып кетеді. Туыстары Айсұлудың үйіне келмегенін біліп, полицияға хабар берген. Содан кейін оның сол жоғалған күні таңертең сағат 9-да колледжден шығып, жеке таксиге отырғаны мәлім болды.

Тәртіп сақшылары 3 қаңтарда жоғалған қыздың мәйітін табады. Тергеу барысында таксистің қызда ірі көлемде ақша барын білгеннен кейін, оны елсіз жерге апарып өлтіргені анықталды. Ал қыз баланы ақша үшін өлтірген таксистке қатысты қылмыстық іс жақын арада сотта қаралады.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Фото: Odin-moy-den. Livejournal.com