
Коммуникациялық люктердің темір қақпақтарын алуға тиым салынғанымен темір қалдықтарын жинайтын кейбір ұйымдар әлі күнге ондайды ішінара қабылдай береді. Соның кесірінен ішімдікке құмар, азып кеткен адамдар қоршаған ортаға қауіптілігін ескермей қаланың шетіндегі люктердің қақпағын темір жинаушыларға өткізіп, бетін ашық қалдырған. Аманаттықтар осы мәселені анықтап, тиісті мекемелерден пластмассалық қақпақтар алғызып, бетін жапқызды.
«Біз қайғылы жағдайды күтіп отырмай, алдын алу шараларын күшейтуіміз керек. Әрбір адам қауіпті байқаса, жауапты мекемелерге дереу хабарлауы керектігін ескертеміз», – деді қалалық мәслихат депутаты Тимур Жұманов.
Рейд барысында сондай-ақ аулалардағы электр қондырғылары да тексерілді. Сонымен бірге мектептер мен балабақшалардағы терезелерге орнатылған бекіткіштердің бар-жоғы анықталды.
ПЕТРОПАВЛ