Тәуелсіздік • 12 Шілде, 2021

Апатты үйден жаңа пәтерге көшті

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығына орай Орал қала­сында 90 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Апатты үйден жаңа пәтерге көшті

Дәл осы ғимараттың орнын­да бұрын апат жағдайына ке­ліп, көнерген үй тұрушы еді. Мемлекет-жеке меншік әріп­тестігі негізінде «Бола­шақ-Т» құ­рылыс компаниясы көне үйдің орнына 90 пәтерлік ғимарат тұрғызды. Жаңа үйдегі жайлы пәтердің кілтін ең алдымен апатты үй тұрғындары алды.

– Біздің бүгінгі қуанышы­мыз Астана күні мерекесімен тұспа-тұс келіп жатыр. Осы күнді көп­тен күтіп жүрген едік. Жаңа бас­панамыз ырыс-берекеге толсын, көршілеріме шын жүрегімнен бақыт, ынтымақ тілеймін, қоныс құтты болсын! – деді осы көшенің байырғы тұрғыны, «Алтын алқа» иегері, 11 бала тауып өсірген Мәстура Атаулина.

Жаңа пәтерге ие болған қа­лалықтардың қуанышын бө­лісуге Батыс Қазақстан облы­сының әкімі Ғали Есқалиев те келді. «Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұтан Әбішұлы Назар­баевтың көреген саяса­ты­ның арқасында қазақтың бай­тақ даласында теңдесі жоқ ша­һар бой көтерді. Соңғы 20 жыл­дың ішінде астанамызда ха­лық­тың саны бес есе көбейіп, мил­лионның үстіне шықты. Өңірлер елордаға қарап бой түзейді, дамиды. Соның бір көрінісіндей жаңа үйіміз мемлекет-жеке меншік әріптестік аясында салынды. Бұл үйдің құрылысын жүргізу үшін мемлекет тарапынан инфрақұрылым тартылды, 100 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Осы жердегі апатты үйде тұрған 36 отбасы жаңа үйге көшуге мүмкіндік алды. Са­пасы жақсы, бағасы да тиімді үй салған «Болашақ-Т» компаниясына алғыс айтамыз», деді өз сөзінде өңір басшысы.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкайдың айтуынша, облыс орталығында 52 үй ресми түрде апатты деп та­нылған. Одан бөлек салын­ғанына 50 жылдан асқан 200 үй де көнерген ғимараттар қата­рына кіреді. 2015 жылдан бері көне үйлерді жаңғырту жобасы бойынша Орал қаласында 19 үй жойылып, оның орнына көпқабатты, заманауи 8 ғимарат бой көтерген. Бұл үйлерден 1,5 мыңнан аса адам жаңа пәтерге көшті. Бағдарлама алдағы жылдары да жалғасады.

 

Батыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025