09 Қаңтар, 2014

Тоқсанның төріне озған майдангер һәм «Құрметті азамат» атанған ағалар

403 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Күннен-күнге қатары селдіреп бара жатқан соғыс және еңбек ардагерлеріне қандай құрмет көрсетсек те артық емес қой. Батыс Қазақстан облысының басшылығы да кеуделерін оқ тескен қарт майдангерлерді бір сәт естен шығармай, әркез өзінің орынды сый-құрметін көрсетіп келеді. Өткен Жаңа жыл қарсаңында да сондай аға буын өкілдеріне арнайы құттықтау хат жолданып, ізгі тілектер жеткізілді.

Солардың қатарында қасиетті де киелі Орда топырағының түлегі, бүгін тоқсанның төріне шығатын қарт жауынгер Камал ата Нарболов та бар. Облыс басшылығының аталмыш Жаңа жылдық құттықтау сәлем хатын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков пен Сайқын ауылдық округінің әкімі Бисенбек Насимоллин Камал атаның шаңырағына арнайы барып табыстап, ол кісіге бала-шағасы мен немере-шөбересінің қызығын көре беруге ізгі тілектестіктерін жеткізді. Әрі тоқсанға толып отырған мерейтойымен құттықтап, сонау бір қиын-қыстау күндерде көрсеткен ерлік істері ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала беретіндігін айтты.

Отан соғысының ардагері Ка­мал ата – жапон самурайларын тал­қандауға қатысып, «Сейсен» операциясында да ерекше көзге түскен жауынгер. Соғыстан кейін ол туған топырағы – Орда ауылындағы механизация мектебінде ұзақ жыл ұстаздық еткен елге сыйлы қария.

Айта кетелік, «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» дегендей, өмірде өз орындары бар тағы бір топ еңбек ардагеріне күні кеше аудандық мәслихат сессиясының арнайы шешімімен Бөкей Ордасы ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Аудан әкімдігінде өткен алқалы жиында аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов, сондай ел құрметіне бөленген Ноқаш Қадымов, Иран Дәуленов, Сақтар Хайроллин, Нұрхат Шәріпқалиев және Болат Лұқпановқа арнайы куәлік пен төсбелгіні өз қолымен табыстап, осынау ел ағаларының қай кезде де мерейлері үстем бола берулеріне ізгі тілектестігін білдірді.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы,

Бөкей Ордасы ауданы.