Коронавирус • 05 Тамыз, 2021

Әскери дәрігерлер көмекке келді

372 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Коронавирустық инфекциямен аурудың ұлғаюына байланыс­ты жергілікті атқарушы органның өтінішіне орай Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласындағы Әскери клиникалық гос­питалі инфекциялық стационар ретінде өрістетілді.

Әскери дәрігерлер көмекке келді

Қорғаныс министрлігінің бас­пасөз қызметі таратқан мәлі­метке қарағанда, стационар 150 науқасқа арналған. Бұл ретте медициналық мекемеде соматикалық патология­сы бар әскери қызметшілерді емдеу, сондай-ақ әскери-дәрігерлік және дәрігерлік-ұшқыштық сараптама жүргізу үшін 100 орын сақталады.

Қалыптасқан жағдайда әскери дәрігерлер азаматтарды госпи­тальға жатқызып, білікті меди­циналық көмек көрсету үшін қолда бар ресурстарды жұмылдырды.

– Біздің әскери госпиталь екін­ші эшелонға жатады. Сон­дық­тан инфекциялық ста­цио­нар­ға орташа ауыр және ауыр нау­қас­тар жатқызылатын болады. Же­ке құрам бұған дайын. Біз­дің ме­ди­ци­налық персоналдың коро­на­­ви­рус­тық инфекциямен ауыра­тын нау­қастарды емдеу ісінде тәжі­ри­­бесі бар. Ол үшін бізде өкпені жа­санды желдету және гемодиализ ап­параттарымен жабдықталған жан­сақ­тау бөлім­шесі, сондай-ақ қажет­ті дәрі-дәрмек бар, – деді Алма­ты қала­сындағы Әскери клини­ка­лық госпиталь бастығының мін­де­тін уақытша атқарушы медицина қыз­метінің подполковнигі Абдували Палтушев.

Әскери госпиталь дәрігерлері өт­кен жылғы сәуірден бастап аза­мат­­­тарға көмек көрсетуге екі рет тар­­тылған болатын. Нәтижесінде, 1 430 адам, соның ішінде шамамен 30 пайыздай ауыр және асқынған жағ­дайдағы пациент емделіп шыққан.

Биылғы шілдеден бастап елор­да­дағы Бас әскери клиникалық гос­­­питаль коронавируспен науқас­тан­­­ғандарды емдеу үшін қайта жұ­­­мыл­­дырылғанын атап өткен жөн. Алматы, Талдықорған және Үш­­арал қалаларындағы үш әс­ке­ри-емдеу мекемесі де азаматтар­ды қа­­­былдауға дайын. Аягөз, Тал­­ды­­­қор­ған, Сарыөзек және Се­мей әс­ке­ри госпитальдарында қо­сым­ша төрт инфекциялық оқ­шау­ла­ғыш қыз­мет көрсетіп тұр. ПТР-тесті­леу үшін Нұр-Сұлтан мен Алма­ты­­да екі стационарлық зерт­хана, сон­­дай-ақ Ақтау мен Семейде мо­биль­ді зертханалық кешендер іске қосылған.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15