Қазақстан • 05 Тамыз, 2021

Ақылы қызмет көрсететін алаяқтар пайда болды

1340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде тағы да фейк-аккаунттар пайда болды. Онда қазақстандықтарға 50 мың теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеуге уәде беріледі. Аталған қызметті алу үшін өтініш беруші белгісіз банк шотына 3 120 теңге аударады, деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақылы қызмет көрсететін алаяқтар пайда болды

Басылым атап өткендей, мұндай жарнамалары бар беттер әлеуметтік желілерде жиі кездеседі. 

Пайдаланушыларға 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төлеуге «100 пайызға кепілдік беріледі». Фейк-парақшаны Telegram-bot жүргізеді, онда өтініш берушіден 3 120 теңгені банктегі карточкалық шотқа аудару сұралады. Бұл қызметке ақы төлеу деп аталады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақы төлемдері туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылатын 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қызметтер үшін 3 120 теңгелік төлемді жүзеге асыру қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қандай да бір төлемдерді міндетті түрде аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер жоқ екенін хабарлайды», делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025