Қазақстан • 05 Тамыз, 2021

Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест іске қосылды

1557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде іс-шаралар навигаторы сайтында Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz 30jyl.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест іске қосылды

Сынақта КСРО ыдырағаннан кейінгі еліміздің даму кезеңдері, 1991 жылдан қазіргі сатыға дейінгі уақыт шежіресі туралы сұрақтар жинақталған.

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қасындағы жобалық кеңсемен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

Онлайн-тест 30jyl.kz – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін барлық іс-шаралар туралы анонстар мен жаңалықтар орналастырылатын арнайы сайтта әзірленді. Шілде айынан бастап 30jyl.kz сайтында кез келген интернет қолданушылар тәуелсіз Қазақстан тарихын қаншалықты жақсы білетінін байқап көре алады.

Тестіден өту қорытындысы бойынша әр қатысушы өзінің дербес онлайн-сертификатын алады. Барлық қатысушылардың нәтижелері дұрыс жауаптар саны мен жұмсалған уақыт негізінде қалыптасатын жалпы рейтингке енгізіледі. Жыл соңында ең нәтижелі қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болады.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025