Саясат • 16 Тамыз, 2021

Құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі кеңес

407 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру – қыл­мыстық процестің үш буынды моделіне көшу және полицияның сервистік моделін енгізу жөніндегі жұмыс кеңесі өтті.

Құқық қорғау жүйесін  реформалау жөніндегі кеңес

Кеңес барысында Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Мемлекет басшысының Қазақстан хал­қы­на Жолдауында қойылған құ­қық қорғау саласындағы мін­дет­тердің іске асырылу барысы­мен танысты. Ол қылмыстық про­цесті жаңғырту жөніндегі қанат­қақты жобаның бүкіл елге мас­штаб­талғанын атап өтті. Бұл сон­дай-ақ қылмыстық іс жүргізу заң­на­масына енгізілген тиісті түзе­ту­лер арқылы бекітілген. Осы орай­да бұл жұмыстың жергілікті жер­лерде қаншалықты дұрыс ұйым­дастырылғанын түсіну маңызды.

Алматыда қылмыстық про­цес­тің үш буынды моделін енгізу қалай өтіп жатқаны туралы қала прокурорының міндетін атқарушы Назарбай Ибраймолдаев айтып берді.

«2021 жылы Алматы полиция­сы қылмыстық істер бойынша 30 225 процестік шешім қабыл­дады, оның 24 708-і прокурор­мен келісіліп, бекітілді. Яғни «про­ку­рор­лық сүзгі» азаматтардың құқық­тарын бұзу 38%-ға азайтуға мүмкіндік берді», деді Н.Иб­раймолдаев.

Кеңес аясында Әсет Исеке­шев­ке қылмыстық істерді жүргізудің жаңа форматы, қызметкерлердің жұмыс орындарын жабдықтау және өңделетін деректердің қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету әдістері көр­сетілді.

«Қазір Полиция де­пар­тамен­­тінде қылмыстық істер­ді элек­­тронды форматта жүр­гізу үшін 375 жұмыс орны жаб­дық­талған. Е-форматты қолдану полицейлердің жұмысын ашық етеді, ал деректерді қорғау бойынша пайдаланылатын технологиялар қылмыстық істе құжаттардың бұрмалануына және ауыстырылуына жол бермейді», деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Электронды формат қабыл­да­натын шешімдерді келісу про­цесін жеңілдетуге және жыл­дамдатуға, сыбайлас жемқорлық тәуе­келдерін төмендетуге және тергеу сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңе­сінің хатшысы Алматының жол қауіп­сіздігін бақылау жүйесінің жұ­­мысымен танысты. Жүйе Ал­ма­ты ПД жедел басқару орта­л­ы­ғына шоғырландырылған
2 мың­­нан астам бейнекамерадан тұ­ра­ды.

Мәселені талқылау барысында Әсет Исекешев полицияның сервистік моделін қанатқақты режімде енгізу процесі еліміздің үш өңірінде жүзеге асырылып жат­қанын айтты. Оның айтуын­ша, Алматы еліміздің ең ірі қаласы болғандықтан, мұнда қа­натқақты жобаны іске асыруға жауап­кер­шілікпен қарау маңызды.

«Құқық бұзушылықтың алдын алудың қазіргі заманғы жүйесін құру тәсілдері мен полицияның сервистік моделін ел Президенті жанындағы Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жө­ніндегі комиссия мақұлдады.

Сондықтан сіздер полицияның сервистік үлгісі жұмысының негізгі қағидаттарын, ондағы әкімдіктің, басқа да мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың рөлін түсінулеріңіз қажет.

Сіздер қанатқақты аумақтың, кейін мемлекет пен қоғамның әріптестігіне негізделген қала­ның қауіпсіздік жүйесінің визит карточкасы болып табылатын Алматы қаласының бүкіл
ау­мағында жинақталған тәжі­рибені тарату үшін базалық аудан болатынын түсінулеріңіз қажет.

Бұл ретте қазірдің өзінде ең криминогенді аудандардағы қыл­мыстың нақты көрінісін қалып­тастыру және бүкіл қала бойынша шаралар кешенін анықтау үшін сарапшылармен, құқық қорғау органдарының ардагерлерімен, жобалық кеңсе аясында сарапшылармен жұмысты күшейту керек. Қажет болған жерлерде бейнекамералар қою, учаскелік пункттер санын арттыру, патрульдеуді күшейту, жарықтандыруды жақсарту шараларын қолданған жөн», деп атап өтті Ә.Исекешев. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы құқықтық тәртіп деңгейін одан әрі арттыру бойынша сапалы жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Кеңеске Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқық тәртібі бөлімінің мең­ге­рушісі Алексей Калайчиди және Алматы қаласының құқық қор­ғау органдарының басшылары қа­тысты.