Қоғам • 20 Тамыз, 2021

«Әлемдік бейбітшілікке қадам» кітабы

401 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Норвегияның Bike for Peace («Бейбітшілік жолындағы велосипедшілер») қозғалысы «Әлемдік бейбітшілікке қадам» кітабын шығарды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Әлемдік бейбітшілікке қадам» кітабы

Аталған қозғалыстың негізін қалаушы Туре Нэрланд атап өт­кендей, бұл басылым Bike for Peace-тің 45 жылдығы мен Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған. Кітап норвег тілінде шыққан, ағылшын тіліндегі басылымы әзірленуде.

«Бұл кітапта біз Қазақстан туралы көп айтамыз, оның ішінде 2011 жылы Пекин-Алматы-Мәс­кеу-Берген велошеруі де бар. Біз­дің сапар Семей маңындағы полигоннан зардап шеккендерді қолдау ұранымен өтті. Сол жылы біз арнайы Астана-Семей-Алматы шеруін де жасаған болатынбыз. Бұл қызықты және танымды әң­гі­­ме ғана емес, ол – көптеген ке­ре­­мет фо­тосуреттер де», деді Т.Нэр­­­ланд кіт­абымен таныстыру кезінде.

Бұған қоса, басылымда Қазақ­станның Олимпиада чемпионы Вла­димир Смирнов қатысқан ядро­лық қаруды таратпауды қолдау бойынша Вашингтон-Нью-Йорк туры туралы да айтылған.

«Қазақстанның үлгісі анти­ядро­лық қозғалыс пен бүкіл әлем үшін өте маңызды. Сіздің ел ядролық арсеналының бар­лық бірліктерін бөлшектеп таста­ды. Бұл үшін біз әлемді ядро­­лық қа­рудан азат ету бойынша бір­қа­тар маңызды бастамалар­ды ұсын­ған Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев­қа ризашылығымызды білді­ре­міз», деп атап өтті Bike for Peace көшбасшысы.

Кітаптың тұсаукесері Норве­гияның оңтүстік аймақтарындағы саясаткерлердің, дипло­маттар­дың, қала әкімдері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен Bike for Peace шеруі аясында өтті.

Арендал, Тведестранд және Рисөр қалаларында өткен кездесулер аясында өткен бри­финг­­тердің барысында Қазақ­стан­ның Норвегиядағы елшісі Ер­кін Ахинжанов сөз сөйледі. Қазақ­стандық дипломат 30 жыл бұ­рын тәуелсіз Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың әлем­дегі төр­тінші орындағы ядро­лық арсе­нал­дан бас тарту және Семей ядро­лық полигонын жабу туралы ше­ші­мінің тарихи маңызына тоқталды.

Кездесулерге қатысушы­лар тәуелсіз Қазақстанның соңғы 30 жылдағы дамуының басты белестерімен, қазіргі уақытта елі­мізде саяси, экономикалық және әлеуметтік салада жүр­гізі­ліп жатқан реформалармен танысты.

Жуырда норвег тілінде жарық көрген Абай Құнанбайұлының қарасөздері мен таңдамалы поэзиясы шеру барысында норвегтер назарына ұсынылып, олардың аса қызығушылығын тудырды.

Bike for Peace қозғалысы 29 тамыздағы Халықаралық ядро­лық сынақтарға қарсы іс-қи­мыл күні аясында Берн-Женева ба­ғыты бойынша велошеру өт­кіз­бекші.

Соңғы жаңалықтар

Астықты өңірдің сенімі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:50

130 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Аға буынның өнегесі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:43

Аға ұрпақ – асыл қазына

Қоғам • Бүгін, 09:40

Ұйымшылдықпен өткен күн

Референдум 2024 • Бүгін, 09:38