
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының №2 Қосшы орта мектебінде Білім күніне арналған салтанатты жиынға қатысып, білім саласының барша өкілін кәсіби мерекемен құттықтады.
«Білім күні – маңызды мереке және биыл бұл атаулы күннің орны ерекше. Пандемияға байланысты бұған дейін мектептердің бір бөлігі қашықтан оқыту форматына көшуге мәжбүр болған еді. Бүгін еліміз бойынша 7 мыңнан аса мектеп есігін айқара ашып, жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастады. Әлбетте, мұғалімдер гаджет экрандары арқылыемес, балалармен тікелей байланыста бола отырып беретін білімді заманауи технологиялармен салыстыру қиын. Мұғалімдерге ерекше ықыласпен және құрметпен қараймын. Әлемдік пандемия білім беру үрдісіндегі мұғалімнің бағажетпес рөлін айқындай түсті. Атап айтсақ, мұғалімнің кәсібилігі, тәжірибесі мен оқушының өміріндегі атқаратын рөлі айқындалды. Әріптестеріме қажырлы еңбегі және аз уақыттың ішінде жаңа жағдайларға тез бейімделгені үшін тағы бірмәрте ризашылығымды білдіремін. Әрине, пандемия оқыту сапасына да әсер етпей қоймады. Сондықтан жаңа оқужылында біз оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмыс жүргізуіміз керек», деді ведомство басшысы.
Осыдан соң министр 1-сынып оқушыларына «бар кітапқа бас болған» «Әліппе» оқулығын тапсырып, балаларғамықты денсаулық және жаңа оқу жылы қызықты әрі пайдалы болуын тіледі. Биыл 394 мыңға жуық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Жаңа оқу жылында 3,6 млн-ға жуық бала білім алады. Бұл – бұрынғы жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш.
Биыл оқу процесі санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтеді. Білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін үзілістер әртүрлі уақытта болады, сонымен қатар қосымша ауысымдар енгізіледі. Сыныптар мен кабинеттерде кварцтау, желдету және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу міндетті. Сабақтар «бір кабинет – бір сынып» қағидаты бойынша ұйымдастырылады, яғни әр сыныпқа белгілі бір кабинет бекітілуі керек. Жаңа оқу жылындағы сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды. Білім беру ұйымдарында бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.