Театр • 02 Қыркүйек, 2021

«Домалақ ана» операсы сахналанады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шым­кент қалалық опера және балет театры­ның ұжымы 2-3 қыркүйек күндері «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет ­театры сах­насында Тасқын Жармұхаметтің «Дома­лақ ана» операсын көрермен назарына ұсынады.

«Домалақ ана» операсы сахналанады

Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызының айтуынша, пандемияға байланысты екі жылдан бергі алғашқы сапарға ұжым тыңғылықты дайындалған. Нұр-Сұлтан қаласына театрдың 170-ке жуық қызметкері келсе, елордадан 50-ге жуық маман мен арнайы аспаптармен қосылып, «Домалақ ана» операсы сахналанбақ. Идея авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, қойылымның композиторы Мәдениет саласының үздігі Тасқын Жармұхамет. Либреттосын жазған Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Мае­миров, қоюшы-режиссері – Михаил Панд­жавидзе, қоюшы-дирижер – Мәди Өмір­зақов, қоюшы-суретші – Бақыт Күзембаев.

«Домалақ ана» операсы тек аналық қайсар жү­рек пен қалың елге тараған кең пейілділікті айшық­тап қана қоймай, қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиғалардың қозғаушысы болған Бәйдібек батырдың өз халқына деген сүйіспеншілігімен бір арнаға тоғысып, қазақ елінің тарихи тереңдігін, мәдени көркемдігін кеңінен қамтиды.

Соңғы жаңалықтар

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00