Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021

Оқушының өлімі: Ата-аналар мектеп директорын жұмыстан босатуды талап етті

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Көкарал ауылындағы мектеп жаңа оқу жылын даумен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқушының өлімі: Ата-аналар мектеп директорын жұмыстан босатуды талап етті

Ауыл тұрғындарының айтуынша, мектеп директоры жазғы емтихан кезінде 15 жасар оқушыға сөгіс айтып, оған төмен балл қойған. Осыдан кейін 9 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған.

Еуразия бірінші арнасына таратқан ақпарат бойынша, марқұм оқушының әкесі тәртіп сақшылары бұл істі үш ай бойы тексеріп жатқанын айтады, бірақ бұл іс әлі де соңына жетер емес.  

«Тергеу жұмыстары ұзаққа созылды. Ал білім бөлімі директорға 8-ші қыркүйекте жұмысқа оралып, 25-іне дейін қызметін аяқтауды ұсынды. Біз оған қарсымыз. Оны білім беру жүйесінен мүлде шеттету керек», деді Көкарал ауылының тұрғыны Ақылбек Тәліпбаев.

Директордың өзі 1-ші қыркүйек күні өткізілген салтанатты шараға қатысқан жоқ. Аудан әкімдігінде оның емтихан кезінде жасөспірімнен «шпаргалка» тауып алғаны айтылды. Тергеу амалдарының жүргізілуі мерзімінде директор қызметінен уақытша шеттетілді.

«Қазір мен осы іс бойынша құқық қорғау органдарының шешімін күтудемін. Менің қолымда шешім болмайынша, директорды қызметінен босата алмаймын. Егер оның кінәсі анықталса, ол жергілікті тұрғындардан кешірім сұрап, қызметінен кетуге дайын», деді Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева.

Шұға Нұрабаева осы мектептің директоры мен меңгерушісіне қатысты қатаң сөгіс жариялап, жұмыстан шығару туралы ұсыныс келіп түскенін айтты.

Ауыл тұрғындарының бір бөлігі директор қызметін тоқтатқанға дейін өз балаларын мектепке жібермейтінін мәлімдеді. Алайда, ата-аналар оқушылардың мерекесін бұзбауды шешкен.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15