Ауыл • 19 Қазан, 2021

Қарағанды облысының үш ауылы Қазақстанның «30 үздік ауылы» жобасына енді

1201 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы Нұра ауданының Шахтерское, Қайнар және Жаңаарқа ауданының Ералиев атындағы ауылдары «30 үздік ауыл» қатарында, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысының үш ауылы Қазақстанның «30 үздік ауылы» жобасына енді

Жоба Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұлға-достық» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жүзеге асырылды. Оның аясында еліміздің үздік ауылдарының суреттері мен ақпараттары енгізілген альбом-анықтамалық шығарылды.

Жоба авторы – ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі және «Тұлға-достық» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мұратхан Шоқан.

«Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы мерейтойға орай ойын-сауық сипатында ғана емес, өзінен кейін де терең із қалдыратын ерекше жобалар жасауды тапсырды. Осылайша менде «30 үздік ауыл» жобасын құру идеясы пайда болды. Мен 14 облыстың әкімдіктеріне жүгіндім, олар маған ең перспективалы ауылдардың тізімін берді. Жаз бойы мен оларды аралап шықтым, олардың дамуын өз көзіммен бағалап, фотосуреттер мен басқа да материалдар жинадым. Бағалау үшін халықаралық өлшемдер қолданылды», деп атап өтті Мұратхан Шоқан.

Автордың пікірінше, үздік отыздыққа Қарағанды облысының үш ауылы – Шахтерское, Нұра ауданының Қайнар және Жаңаарқа ауданының Ералиев атындағы ауылдары да кірді.

«Бұл ауылдарда жайлы тұру үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, Шахтерский ауылында жергілікті кәсіпкер және меценат Георгий Прокоп бассейн мен басқа да нысандарды салуға көмектесті. Ол өзінің туған ауылының ғана емес, жалпы ауданның, тіпті облыстың дамуына баға жетпес үлес қосады. Жаңаарқа ауданының Ералиев ауылы Гиннестің рекордтар кітабына енді - онда өндірілетін қымыз бәріне белгілі. Бұл елді мекенде ерекше, достық атмосфера сезіледі, тұрғындар ұлттық салт-дәстүрлерге құрмет көрсетеді», деді ақын.

Жоба туған өлкенің дамуына баға жетпес үлес қосқан көрнекті ауыл тұрғындары туралы баяндайды.

«Біз бірлесіп қана ауылдағы өмірді жақсарта аламыз. Анықтамалық альбомның тұсаукесері 16 қазанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтті. Альбом демеушілердің қолдауымен шығарылды. Таралымы - 2 мың дана. Жақын арада оның электронды нұсқасы жасалады. Бұдан басқа, болашақта мен Нұр-Сұлтанда «30 үздік ауыл» аллеясын құрғым келеді, онда әрбір адам өз бастауларына қол жеткізе алады, өйткені біз бәріміз ауылдан шыққанбыз. QR-кодтарды сканерлей отырып, қандай да бір ауыл туралы ақпарат алуға және оның өмірімен танысуға болады», деп қосты жоба авторы.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25