
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминге COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысатын Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды. Жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді», деп жазылған хабарламада.