Фото: olympic.kz
Параллель могул сайысының 1/16 финалында қазақстандық спортшы Франция өкілі Артур де Вилокурды жеңді.
Келесі қарсыласы — Олимпиада чемпионы, үш дүркін Олимпиада жүлдегері канадалық Микаэль Кингсбери болды.
Ширек финалға жолдама беретін жарыста тәжірибелі канадалық спортшы жеңіске жетті.
Осылайша, фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы Олимпиада-2026-дағы жарыс жолын аяқтады.