Ауа райы • Бүгін, 11:38

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2026 жылғы 11 сәуірде Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

 

«Қазгидромет» мәліметінше, 11 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Астана, Алматы қалаларында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде зиянды (ластаушы) заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады.

 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар мен басқа да ластаушы көздердің маңында жүруді шектегені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

 

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35