Аймақтар • 05 Қараша, 2021

Атырауда жүкті әйелге үш мәрте ота жасалды

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қалалық перзентханасының дәрігерлері жүкті әйелге үш рет ота жасады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, жүкті әйел перзентханаға 4 қарашада түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жүкті әйелге үш мәрте ота жасалды

«Жүктіліктің 39 аптасын өткеріп жүрген әйел ішкі ағзасының ауыратынына шағымданды. Дәрігерлер жүкті әйелді жедел ота бөліміне жатқызды. Кесарь тілігі арқылы салмағы 4 келі сәби өмірге келді. Босанған әйелде іріңдеген соқырішек анықталды. Соқырішек ота арқылы алынды. Сондай-ақ, жүкті әйелде кіндік тұсында жарықшақ бары байқалып, үшінші ота жасалды» дейді перзентхана директоры Гүлзейнеп Дүсіпова.

Дәрігерлер үш ота жасалған ана мен сәбидің жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Балық шаруашылығында береке бар

Шаруашылық • Бүгін, 09:35

Бір секундта қан тоқтатады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Құрылтай қуаты

Пікір • Бүгін, 09:10

Айдағы қонақүй

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Тоқыма тылсымы

Көрме • Бүгін, 08:40

Энергетикалық нысандарды аралады

Энергетика • Бүгін, 08:35

Бес минуттың әсері

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30