Қоғам • 25 Қараша, 2021

Қазақстанда «байлық немесе сән-салтанат салығы» енгізілуі мүмкін

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев Қазақстанда «байлық салығын» енгізу мәселесі 2022 жылы қаралатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда «байлық немесе сән-салтанат салығы» енгізілуі мүмкін

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы сән-салтанатты заттарға арнайы салық салу мәселесін көтерді.

«2019 жылы Президент өз Жолдауында «Жалпы ішкі өнім мен халық табысының артуына қарамастан, қоғамда мүліктік жіктелу үдерісі сақталып отыр. Бұл - алаңдатарлық фактор. Сондықтан оған ерекше назар аудару керек» деген болатын. Осыған байланысты халықаралық тәжірибеде көптеген елде бар, сән-салтанатқа арнайы салық енгізу өте өзекті мәселе деп есептеймін. Бұл жерде қымбат элиталы жылжымайтын мүліктер, ұшақтар, яхталар, қымбат автоөкліктер, зергерлік бұйымдар сияқты сән-салтанатты заттарға арнайы салық салудың әділетті жүйесін қалыптастырады деп ойлаймын. Бұл тұрғыда тиісті ведомствоның көзқарасы қандай», деп сұрады сенатор.

Өз кезегінде вице-министр М. Сұлтанғазиев бұл мәселе қарастырылып жатқанын айтты. «Оған салықты біз қарастырып жатырмыз. Осы орайда бизнеспен талқылау жұмыстары жүріп жатыр. Келесі жылы Үкіметтің жобасымен енгізілетін болады», деді Марат Сұлтанғазиев.

Соңғы жаңалықтар