Жоба ҚазҰУ инклюзивті ғылыми-тәжірибелік орталығы, «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қоры, Balalaroom клубы және DeFactoFm порталымен бірлесе жүзеге асырылды. Жаттықтырушы Михаил Тейфельдің айтуынша, үстел үсті ойындары стратегиялық ойлауды, зейін мен қимыл үйлесімділігін дамытумен қатар, қатысушылар арасында тең қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді.
Ұйымдастырушылар чемпионаттың алдағы уақытта халықаралық тәжірибе алмасу алаңына айналатынына сенім білдірді. Шетелдік сарапшылар мен серіктестерді тарту арқылы да жобаның әлеуметтік маңызы мен ауқымын кеңейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар чемпионат аясында мектеп оқушыларын үстел үсті ойындарына баулу және олардың танымдық дағдыларын жетілдіру бағытындағы жүйелі дайындық жұмыстары жүргізіліп келеді. Сабақтар Алматы қаласындағы BALALAROOM клубында өткізіледі. Жаттығу үдерісі тек спорттық нәтижелерге ғана емес, сонымен бірге әлеуметтенуге, командалық іс-қимылды нығайтуға және белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыруға негізделген.
ҚазҰУ базасындағы бұл бастама инклюзивті ортаны ұзақ мерзімді дамытуға және қоғамның барлық санаты үшін салауатты өмір салтын ілгерілетуге мүмкіндік береді.
