Құрамында Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакімжанова, Кристина Чепульская, Мәдина Мырзабай, Айзере Кеңес және Айзере Нұрмағамбетова сынды арулары бар біздің команда 51,25 ұпай жиды. Жерлестеріміз Қытайдан (55,90 ұпай) ғана қалып қойды. Үшінші орынды Беларусь (51,10) еншіледі.