14 Наурыз, 2014

Дуадақ қуған француз Шымкент фирмасын тақырға отырғызды

1143 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
14-03-14-drofa-1 Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір фирмада жұмыс жасаған 59 жастағы Франция азаматы өзіне жұмыс берушіден 100 мың доллардан артық ақша мен жарты миллионға жуық теңгені ұрлап алғанын мойындады. Бұл туралы Remarka.kz хабарлады. Үстіміздегі жылғы 23 ақпанда Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Абай полиция бөліміне қаладағы фирмалардың бірінің директоры белгісіз біреулердің сейфінен ірі көлемдегі ақшаны ұрлап кеткені туралы арызданып келді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мұнда белгісіз біреулердің сыртқы есіктің кілтін тауып алу арқылы фирма ғимаратына кіргендерін анықтады. Қаскөйлер осылайша дуадақ өсірумен айналысатын фирманың темір жәшігінен 200 мың АҚШ доллары мен 400 мың теңгеден астам ақшаны сейфтен алып кеткен. Арада апта өткенде жедел іздестіру бөлімінің қызметкерлері осы фирмада дуадақ өсіруші болып жұмыс жасайтын Францияның 1955 жылы туған азаматын ұстады. «Ұсталған азаматтың сөзіне қарағанда, ол кезінде фирманың құс өсіруге, әртүрлі мұқтаждықтарға бөлінген 85 мың долларға жуық ақшасын жаратып қойған. Ал фирмаға аудиторлық тексеру келгелі жатқанын естігенде, жетіспейтін ақшаның орнын тонау оқиғасын ұйымдастыру арқылы жауып жібермекші болған. Сол күні күдікті бухгалтерия кабинетіне кіріп, шкафтан кілтті алады да, сейфті ашып, одан 100 мыңнан аса АҚШ доллары мен 400 мыңнан көп теңгені алады. Осыдан кейін тонау жасалғандай етіп, айналаны шашып тастайды. Бәрін жасап болғасын, есікті ішінен жауып, өзі терезеден шығып кетеді. Ер кісі ақшаны бір жерге апарып жасырады», - делінген оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Кейін сейфтегі бар ақшаны алып, кеңсенің астан-кестеңін шығарды. Ол оқиға орнынан ізін суытып, қаржыны бір жерге жасырған", - деді мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі Салтанат Қаракөзова. «Франция азаматы Шымкенттің тәртіп сақшылары бұл қылмыстың бетін аша алмайды деп ойлаған болар», - деген болжам жасады Салтанат Қаракөзова. Алайда, сейфтің бұзылмағанын көрген полицейлер бұл қылмысты қызметкерлердің бірі жасағанын бірден білді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 175-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Ол кінәсін мойындады. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Remarka.kz. Фото: Время.