Бокс • 19 Мамыр, 2024

Elorda Cup: 14 боксшымыз «алтын» иеленді

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 мамырда басталған III Elorda Cup турнирі аяқталды. 6 күнге жалғасқан турнирде 24 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атағын қорғап қалды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Elorda Cup: 14 боксшымыз «алтын» иеленді

Фото: Turizm jane sport ministrligi

14 боксшы чемпион атанды:

51 келі. Сәкен Бибосынов

54 келі. Карим Серкебаев

57 келі. Махмұд Сабырхан

60 келі. Талғат Сырымбетов

67 келі. Нұрбек Мурсал

75 келі. Тимур Нұрсейітов

86 келі. Нұрбек Оралбай

92 келі. Сағындық Тоғамбай

+92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев

57 келі. Карина Ибрагимова

60 келі. Виктория Графеева

63 келі. Аида Әбікеева

70 келі. Мадина Нұрышева

+81 келі. Елдана Талипова

Ең үздік боксшылар:

+92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев

54 келі. Юан Чанг

«Биыл елорда төрінде үшінші мәрте ұйымдастырылған бокстан ересектер арасындағы «Елорда кубогі» турнирінде отандастарымыз өте жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Халықаралық жарысқа жерлестеріміз бірнеше құраммен қатысқанын айта кеткен жөн. Париж Олимпиадасында ел намысын қорғайтын боксшыларымыз маңызды дода алдындағы соңғы дайындық жекпе-жектерін өткізсе, жас боксшыларға үлкен тәжірибе алаңы, бапкерлік құрамға өздерін дәлелдеу үшін зор мүмкіндік болды. Топ жарған былғары қолғап шеберлерін жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!», деді министр Ермек Маржықпаев.