15 Наурыз, 2014

«Отты өзен» көркем фильмінің көрсетілімі

685 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
 Огненная река Пекиндегі Ресей мәдени орталығында Қазақстанның ҚХР-дағы елшілігінің ұйымдастыруымен «Отты өзен» көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Шараға ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин, ҚКП Орталық комитетінің Халықаралық бөлімі басшысының орынбасары Чжоу Ли, ШЫҰ Бас хатшысы Д.Мезенцев, Ресей, Беларусь, Грузия, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Вьетнам және басқа елдер елшіліктерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев «Елбасы жолы» киноэпопеясының екінші бөлімі болып табылатын «Отты өзен» фильмі жас ұрпақ үшін еңбекті қадірлеудің, Отанды сүюдің үлгісі екенін, оларды ұлтаралық келісім идеяларына тәрбиелейтінін атап өтті. Шараның ашылуында сөз сөйлеген ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин «ұлы ұлттан ұлы басшылар туатынын», сондай-ақ, Н.Назарбаев Қазақстанның ұлттық басшысы ғана емес, әлемдегі ең беделді саясаткерлердің бірі болып табылатынын атап көрсетті. Ол, сондай-ақ, Азиядағы өз­ара іс-қимыл және сенім шара­ла­ры жөніндегі кеңес, Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ларының съезі сияқты айтулы форумдарға Н.На­­зарбаев бас­та­машылық та­ныт­қанын, оның акти­вінде жа­һан­дық ядролық қару­сыздану секілді үлкен бастама да бар екенін атап өтті. Қытайлық дипломаттың айтуынша, осының барлығы Қа­зақстанға кең көлемді әлемдік танымалдық әкелді. Чэн Гопин, сонымен қатар, аталған көркем фильм Қазақстан Президентінің тұлға болып қа­лыптасуының жолымен, қазақ халқының тарихы және ұлттық дәстүрлерімен тереңірек таныс болуға мүмкіндік беретінін айтты. Фильм көрсетілімінде Ресей мәдени орталығының директоры В.Коннов та сөз сөйледі. Ол «Отты өзен» фильмін Орталықтың қабырғасында көрсету ТМД ке­ңістігіндегі мәдени-гуманитарлық байланыстар мен достықты ны­ғай­туға мүмкіндік беретінін көлденең тартты. «Егемен-ақпарат».