15 Наурыз, 2014

Күн тәртібінде – ратификацияланатын заң жобалары

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төраға­лы­ғымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутаттардың қарауына бі­рін­ші оқылымға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржы­лан­дыруға қарсы іс-қи­мыл мә­се­лелері бойынша заң­на­маға ен­гізілетін жаңалықтар шы­ға­ры­лады. Ал палатаға екінші оқы­­лымға Әкімшілік құқық бұ­зу­­­шы­лық туралы кодекске өз­­ге­рістер енгізу ұсынылып отыр. Жалпы отырысқа рати­фи-кация­ланатын бірқатар заң жобалары ұсынылды. Олар: 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көр­мелер туралы конвенция; 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісім; 1999 жылғы 3 желтоқсанда Пе­кинде қа­былданған Озон жө­нін­дегі Мон­реаль хаттамасы; Қа­зақ­стан мен Қытай ара­сын­дағы Қор­ғас өзе­нінде «Достық» су то­рабын салу туралы келісім. «Жол жүрісі туралы» заң жобасына Сенаттың түзетулері де күн тәртібінің жобасына  қосылып отыр.