15 Наурыз, 2014

Телефон арқылы сөйлесті

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Британ тарапының баста­ма­сымен өткен телефон арқы­лы сөйлесу барысында Қазақ­стан-Ұлыбритания қарым-қаты­настарының жай-күйі мен перс­пективалары, соның ішінде Д.Кэмеронның 2013 жылғы шілде айында Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды. Әңгімелесу кезінде халық­аралық саясат мәселелері, сонымен бірге, алдағы 24-25 нау­рызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық жөнінде де пікір алмасылды. Украинадағы ішкі саяси жағдайдың өрістеуіне баса назар аударылды. Екі елдің басшылары Украина дағдарысын дипломатиялық ке­ліс­сөздер жолымен және халық­аралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып бей­біт реттеу қажеттігін қуаттады. Сондай-ақ, тараптар қа­лыптасып отырған жағдайдың шешімін табу Украинада халықаралық құқықтың барлық базалық нормаларын қалпына келтіру арқылы бейбіт жолмен жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтті.