15 Наурыз, 2014

Чемпионат басталды. Бірінші матчта «Тобыл» «Спартакты» жеңді

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-03-14-tobol-spartak-1 Бүгін, 15 наурыз күні футболдан Қазақстан премьер-лигасы командалары арасындағы чемпионат басталды. Қазір біріншіліктің бірінші ойынының нәтижесі белгілі болды. Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Семейдің «Спартагын» қабылдап, 2:1 етіп ұтты. Бұл туралы Egemen.kz хабарлады. Матч Затобольск қаласындағы стадионда өтті. Қарсыластар ойынның бірінші таймында есеп аша алмады. Ал екінші таймда бұған қонақтар бірінші болып қол жеткізді. Сөйтіп, 67-минутта гол соққан семейлік Максим Азовский биылғы чемпионаттың да алғашқы добының да авторы атанды. «Тобыл» таразы басын 76-минутта теңестірді. Оны Анатолий Богданов жасады. Арада 4 минут өткенде, Огнен Красич алаң иелерін алға шығарды. Ол командаласы Томаш Шимкевичтің пасын әдемі пайдаланды. Осы есеп ойынның соңына дейін сақталды. Бүгі сондай-ақ «Ертіс» (Павлодар) – «Шахтер» (Қарағанды), «Тараз» (Тараз) - «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Қайсар» (Қызылорда) - «Ордабасы» (Шымкент), «Астана» (Астана) – «Жетісу» (Талдықорған), «Қайрат» (Алматы) – «Атырау» (Атырау) өзара кездеседі. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: Vesti.kz.