15 Наурыз, 2014

Футбол: Турдың басты матчында «Ертіс» «Шахтерді» ұтты

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-10-13-futbol-2 Бүгін, 15 наурыз күні Павлодарда жергілікті «Ертіс» Қарағандының «Шахтерін» 1:0 етіп жеңді. Бұл туралы Egemen.kz хабарлады. Бірінші турдың басты ойыны саналған бұл кездесуде жалғыз голды «Ертістің» жартылай қорғаушысы Евгений Аверченко салды. Ол 34-минутта соғылды. Осылайша қарағандылықтар бұл маусымда қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады. Мұның біріншісі Қазақстанның Суперкубогы үшін өткені белгілі. Наурыздың 9-ы күні ойналған бұл кездесуде «Ақтөбе» басым түсті. Еске сала кетейік, турдың бірінші ойынында Қостанайдың «Тобылы» Семейдің «Спартагын» 2:1 етіп тізе бүктірген болатын. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: Vesti.kz.